Қазақстандық Географиялық ақпараттық жүйелер және ара қашықтықтан зондтау агенттігі

Біздің шешімдеріміз тиімділікті құрастырады

  • Қазақстандық Географиялық ақпараттық жүйелер және ара қашықтықтан зондтау агенттігі – соңғы 15 жыл бойы ақпараттық технологиялар нарығында шешімін жүзеге асырып келе жатқан АТ компания болып табылады.
  • Қазақстандық ГАЖ және АЗ агенттігінің миссиясы – территориялық ресурстарды басқарудағы шешімдерді жасау және жылжыту, Қазақстан нарығының геокеңістіктік мәліметтерін дамыту және оларды жинау, талдау мен жариялау технологиясы.
  • Қазақстандық ГАЖ және АЗ агенттігі қызметінің мақсаты – мемлекеттік, корпоративтік және салалық деңгейдегі нәтижені қамтамасыз ететін шешімдерді қабылдауды қолдау жүйесі және интеграциялық өнімдерді жасау.

 

  • Команда

    Біздің тәжірибе кез келген геокеңістіктік мәліметтерді құрастыруға, өңдеуге, талдауға мүмкіндік береді.

  • Қызмет

    Біз уақыт, кеңістік және жағдай категориялары негізінде, «қоғам-инфрақұрылым-табиғат» жүйесіндегі нысандарды, процесстер мен құбылыстарды талдауды қамтамасыз ететін мониторинг, бақылау және басқару шешімдерін жасаймыз.

  • Құндылықтары

    Аса білікті кәсіпкерлердің біріккен тобы, кәсіпқой ортадағы бедел мен абырой, сенімділік, тұрақтылық, тапсырыс берушінің талабына зерделілік және шешімдерді жүзеге асырудағы иілгіштік.

Қызметтер

Ақпараттық жүйелерді жобалау

Мәліметтерді, ақпараттық жүйелер аудиті мен бизнес құбылыстарының реинжинирингін талдауында ауқымды тәжірибе, ақпараттық жүйелерін өңдеуді жүріп тұрған заңнамалар талабына сай (технико-экономикалық негіздеу, техникалық тапсырма, техно-іс жоба және өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде талдау, жобалау, тұрақтандыру, пайдалану) алдын алатын және алып жүретін, құжаттаудың барлық түрін өңдеуге мүмкіндік береді.

АЖ-ны әзірлеу және сүйемелдеу

Біз аумақтық және ресурстық басқаруға, жариялауға, сонымен қатар онымен байланысты ақпараттық массивтерге комплекстік шешімдерді ұсынамыз. Қазақстандық ГАЖ және АЗ агенттігінің интеграциялық шешімдері, ситуациялық анализ және стратегиялық, тактикалық пен операциялық шешімдерді қабылдауды қамтамасыз ете отырып, біздің тапсырысшыларымыздың есеп, мониторинг және бақылау шеңберінде бірсыпыра кілттік функцияларды автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Геопорталдар

Геопортал геокеңістіктік ақпаратқа бірыңғай қолжетімділік нүктесін және әртүрлі функционалдылықтарды: іздеу, қарау, рұқсаттармен сәйкес мәліметтер мен веб-сервистерді салу, жүктеу мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін интерактивті көпмасштабты цифрлық карта. Интуитивті түсінікті web-интерфейс қолданушыларға объекттердің, үдерістердің және оқиғалардың күйін қоғамда, табиғатта, инфраструктурада көрсететін комплексті мәліметтер базасының мазмұнына рұқсат береді.

Объектілердің лазерлік 3D түсірілімдері

Компанияда ғимараттар мен құрылыстарды толық өлшеуге арналған жоғары жылдамдықты лазерлік 3D-сканері бар. Бұл технологияның көмегімен біз бірнеше минуттар ішінде миллиметрге дейін үлкейтілген күрделі геометрия объектілерінің 3D мәліметтері бар нақты виртуалды шынайылықты жасап бере аламыз. Ғимараттар бойынша 3D-құжаттама, құрылысты бақылау, мәдени-тарихи мұра объектілерін цифрлауды жасау үшін керемет шешім.

Жерді ара-қашықтықтан бақылау

Қазақстандық ГАЖ және АЗ агенттігі – жапондық Earth Remote Sensing Data Analysis Center (ERSDAC) — Жерді Ара-қашықтықтан Зерттеу Мәліметтерін Талдау Орталығының ресми дистрибьюторы. 2012 жылы ERSDAC Japan Space Systems (J-spacesystems) қамқорлығымен Japan Resources Observation System and Space Utilization Organization (JAROS) және Institute for Unmanned Space Experiment Free Flyer (USEF) – пен бірікті.

ГАЖ технологиялар

Географиялық ақпараттық жүйелерді қолданудағы 17 жылдан астам тәжірибеміз, сонымен қатар кеңістіктіктік технологиялар, электронды картография, ара қашықтықтан зерттеу және пайдаланушылардың қажеттілігі мәселелерінің терең ұғыну, біздің тапсырысшыларымыздың басқару құралдарының нәтижелілігін кез-келген деңгейде (корпоративтік, салалық, мемлекеттік және инфрақұрылым дамуының кез-келген сатысында – жобалау, құрылыс, пайдалану) арттыруға мүмкіндік береді.

ҰҰА-дан аэрофототүсірілім

Ұшқышсыз ұшу аппараттары практикалық қолдануда танымалдылығы артып келеді. Артықшылығы – тиімділік, шағын биіктіктен және жақыннан объекттерді түсіру мүмкіндігі, үлкен көлемді суреттерді алу жылдамдығы, төтенше жағдайлар аймағында ұшқыштың денсаулығына және өміріне қатерсіз қолдану мүмкіндігі. ҰҰА-дан алынған ара-қашықтықтан зерттеу мәліметтері ауа мониторингі және кез-келген ұзындықтағы сызықтық объектілерді түсіруде шағын аудандық объектілерді бақылауға арналған.

Картография және топография

Компанияның топография-геодезиялық зерттеулер жүргізуде көпжылдық тәжірибесі және түрлі топогеодезиялық, картографиялық, геокеңістіктік өнімдерді құру үшін қашықтықтан мәліметтерді жинауда кең дағдысы бар,соның ішінде ситуациялық, аналитикалық, бағалау және болжам карталары, есептейтін, кадастрлық және инвентарлық жүйелері, аймақ пен объектілер инфрақұрылымының тематикалық және үшөлшемді визуализациялау жағдайлары.

 

Компания тәжірибесі

  • Порталдар жасау
  • ГАЖ жасау
  • Геокеңістіктік деректер
  • Зерттеулер мен әзірлеулер
  • Кеңес және қолдау
  • Жобалау және аудит

Комплексті табиғат мәліметтерін жинау, сақтау және визуализациялау

Компанияның, жобалау, жасау, жинау және геокеңістіктік ақпарат негізіндегі ақпараттық жүйелерге арналған деректер интергациясының теориялық, әдістемелік және практикалық нәтижелер қоржыны бар.

 

Дербес және қалта компьютерлері, жаһандық позициялау жүйесі (GPS), геогрфиялық ақпараттық жүйелеріне(ГАЖ) арналған бағдарламалық қамтама және қымбат емес аэрофототүсірілімдер мен спутниктік суреттерді алу мүмкіндігін ірі технологиялық серпінге жатқызуға болады.

 

Біріккен Ұлттар Ұйымы

Біздің серіктестер

Жағдайды өзгерте алу – басшының ең басты ерекшелігі. Ал оны бәрінен бұрын өзгерту – шығармашылық тұлғаның сенімді белгісі.

  • Ұңғымалардың толық өмірлік цикліне арналған кешенді шешімдер

    - PELOTON, E.U. B.V. -

  • PROVIDE TOTAL SOLUTION BY TOTAL SPACE TECHNOLOGY

    - JAPAN SPACE SYSTEMS, JSS -

  • Қазақстанның мүддесіне қарай бәсекеге қабілетті ғарыштық технологияларды енгізу.

    - НК, ҚАЗАҚСТАН ҒАРЫШ САПАРЫ -

  • Әлемде қалыптасқан жағдай туралы объективті ақпаратпен қоғамды қамтамасыз ету

    - КОМПАНИЯ, СОВЗОНД -

Технологиялары мен әдістемесі

Машина жұмыс істеп, ал адам ойлау керек